9.03.2022, 12:00
Оқылды: 30

Apple жаңа гаджеттерін таныстырды

Купертинода Apple компаниясының жыл сайынғы көктемгі тұсаукесері өтті. Компания 5G арқылы жұмыс істейтін жаңа iPhone SE, Mac компьютерлері және басқа да құрылғыларын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220309-WA0022Apple-дің видеосынан скриншот/YouTube

Тұсаукесер басында Apple басшысы жасыл iPhone 13 және 13 Pro ұсынды. Енді iPhone 13 моделінің алты түсі бар. Смартфондар 18 наурыздан бастап АҚШ-та қолжетімді болады.

Сондай-ақ, 5G арқылы жұмыс істейтін iPhone SE, M1 чипі бар iPad Air, Apple Silicon M1 Ultra ең өнімді чипі, Mac Studio ықшам компьютері және Studio Display мониторы ұсынылды.

Толық рәсімді YouTube-тегі Apple арнасынан көруге болады.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале