9.03.2022, 13:17
Оқылды: 33

Жүлдегер Жұмағалиевтар

Таяуда «Ақбота» бөбекжайы ұжымы мен қамқоршылық кеңестің ұйытқы болуымен  «Біз - бақытты жанұя» атты спорттық эстафеталық жарыс өтті. 

IMG-20220309-WA0028

Шараның басты  мақсаты - салауатты өмір салтын дәріптеу, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу, қимыл қозғалыс ойындарын ойнату арқылы отбасымен ынтымақтастықты нығайту, ұйымшылдыққа үйрету, ата-аналарды балабақша өміріне араластыру. Оған алты отбасы қатысып, қызықты әрі тартысты ойын көрсете білді.

«Бала - бауыр етің» демекші, әр ата-ана бүлдіршіні үшін аянып қалмады. Сайып келгенде, Жұмағалиевтар жанұясы бірінші орынды қанжығаға байлады. Әжімовтар отбасы екінші орынды жеңіп алды. Ал Нұржановтар үшінші орынға ие болды.

Жеңімпаздар мен басқа да қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан алғысхатпен марапатталды.

Нұргүл Өміржанова,

Теректі ауданы 

«Ақбота» бөбекжайы меңгерушісінің міндетін атқарушы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале