10.03.2022, 17:30
Оқылды: 63

Бөрлідегі туристік жасақ

Облыста биылғы балалар жылына орай өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстанып, өлке тарихын, мәдениетін зерделеп тәрбиелеуге арналған шаралар көптеп өтуде. Мәселен, Бөрлі ауданында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтар слеті өтті.  Екі жылда бір өткізілетін слет – аудан оқушыларның асыға күтіп, үлкен қызығушылықпен қатысатын шарасы. Өйткені үздік шыққандары облыстық слетте аудан намысын қорғайды.

003 

Туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының слетіне ауданның 22 мектебінен барлығы 120 оқушы қатысты. Экспедициялық  жасақтар жеті кезең бойынша сынға түсті.

13

Бүгінде аудандағы барлық білім ошақтарында экспедициялық жасақтар бар. Басты мақсат – жас ұрпаққа туған өлкесінің киелі жерлерін өз көздерімен көруге мүмкіндік бере отырып, тарихын жете ұғындыру.

14

Жалпы ауданда 1668 оқушы өңірдегі жас туристтер стансиясында төрт бағыт бойынша тұрақты айналысады. Бөрлі, Бумакөл және Ақсай қалалық №3,7,8, мектеп оқушылары туристік өлкетану бағытындағы жарыстарға үнемі қатысып, біразы облыс құрамына алынды. Ал «Балалар жылы» аясында өткізілген бұл слеттың мақсат-міндеті – жаңа есімдерді анықтау, слеттың облыстық кезеңіне үздіктерді іріктеу болды.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале