11.03.2022, 10:30
Оқылды: 43

Ресейліктер Орал базарларынан жаппай азық-түлік сатып алып жатқаны рас па?

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі "Мой Город" басылымына "ресейліктер Орал базарларынан қап-қабымен азық-үлік сатып алып жатқаны" туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220311-WA0003

Ведомство бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп сендірді.

"Сауда нысандарындағы жағдайға жедел мониторинг жүргізілді. Негізгі сауда базарларын араладық, сондай-ақ Оралдағы тамақ өнімдерінің негізгі көтерме сатушыларынан ақпарат алынды. Осылайша, басқарма азық-түлікті жаппай сатып алу туралы таратылған ақпарат сенімді емес деп ресми түрде хабарлайды.

Мәселен, көтерме сауда кәсіпорнының басшысы Вера Сабирова облыс тұрғындары тарапынан да, көрші елдердің азаматтары тарапынан да тауарларға дүрлікпе тұтынушылық сұраныс байқалмағанын атап өтті. Халыққа тауарларды өткізу әдеттегі көлемде жүзеге асырылады. Ірі азық-түлік жеткізушілерінің бірі "Шанс" ЖШС өкілінің айтуынша, азық-түлікке жоғары сұраныс та байқалмайды, ал сауда объектілерінің қоймаларында қажетті тауарлардың жеткілікті көлемі бар", - делінген басылым редакциясына жолданған хатта.

Шенеуніктер халықты бағаның негізсіз өсуіне әкелуі мүмкін манипуляция жасамауға шақырады.

Бұған дейін Ресейден келген сатып алушылар журналистерге Орал мен Ақтөбеден азық-түлік сатып алып жатқанын, өйткені олардың бағасы көтерілгенін немесе тапшылығы байқалатынын хабарлаған еді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале