11.03.2022, 13:00
Оқылды: 35

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері қашан толық цифрландырылады

Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жеделдетіледі. Бұл туралы Сенатта Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220311115830657e

«Мемлекет басшысының жерді ауыл шаруашылығына тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жерді қашықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ғарыш мониторингі жүйесінің қанатқақты жобасы өтті. Осы жобаның аясында қазір пилотты өңірлердің ғарыш мониторингі қорытындысы бойынша 8,3 млн гектарға тарта пайдаланылмайтын жер анықталып, оның ішінде 2,6 млн гектар жайылым жері келіскен түрде мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғастырылып жатыр»,- деді Б. Бекбауов Сенаттағы цифрландыру технологияларын ауыл шаруашылығына ендіру тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде цифрландыруға арналған әрі талап етілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің 39 пайызы цифрландырылған.

«Қазіргі технологияларды қолдана отырып, қалған 61 пайыз жер бөлігін біз 5 жылда цифрландырып, меңгеріміз деп жоспарлаған едік. «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде, бұл жұмысты екі жылда аяқтамақпыз. Яғни бестен екі жылға қысқартамыз», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенаттағы бүгінгі отырыста жер берудің қазіргі тәртібіне біраз өзгерістер енгізілетіні айтылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале