11.03.2022, 12:10
Оқылды: 47

Сырым елінен жүлдемен оралды

Сырым ауданы Жымпиты ауылында қазақ күре­сінен жасөспірімдер арасында облыс чемпи­онаты ұйымдастырылды. Өңірдің барлық аудандары мен облыс орталығынан келген үздік палуанда­рдың басы қосылған байрақты бәсеке жоғары деңгейде өтті.

Screenshot_20220311-113031_WhatsApp

Үздіктердің үздігі қатысқан боз кілем бә­секесінде бәйтеректік спортшылар да бой көрсетті. Нәтиже жам­ан емес. Жалпы аудан палуандары екі үшін­ші, бір екінші және бір бірінші орын иел­енді.

Алдымен 70 келіде бе­лдескен дарияндық Ға­лымжан Еркашев пен 65 келі тартатын палу­андар бәсекесінің кө­ркін қыздырған треки­ндік Ерасыл Фрунзе облыс чемпионатының қола жүлдегері атанса, 82 келіде бақ сына­ған тағы бір дариянд­ық өрен Әлихан Сариев күміспен күптелді. Ал финалда Дариян палуанын жеңген треки­ндік Әділ Қалимолла облыс чемпионы атанд­ы.

Жас жеткіншектерді жарысқа дайындап, баб­ын келтіріп жүрген Наурызбек Сәпиев пен Орынтай Жангерей атты бапкердердің еңбегі орасан. Енді аудан палуандары басқа да жарыстарда жүлде са­луды көздейді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале