11.03.2022, 14:40
Оқылды: 42

Азық-түлік тауарларының қорлары жасалды - министрлік

 Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қорлары жасалды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

BC65F3CE-B486-4476-BFD7-5DC1D2BC4710

Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары шоғырланған, олар 3 ай бойы халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті. Жеткізушілердің географиясын кеңейту және тәуекелдерді төмендету шеңберінде дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүргізілуде:

Қазақстанда 2022 жылғы тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар. Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің «айналым схемасын» пайдалануды және тұрақтандыру қорларынан интервенцияларды қоса алғанда, бірқатар шаралар қабылдайтын болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале