11.03.2022, 14:30
Оқылды: 46

Санкция: Халықаралық валюта қоры Ресейде дефолт болатынын жоққа шығармайды

Халықаралық валюта қорының директоры Кристалина Георгиева Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты елге салынған санкциялардан Ресей дефолт болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

7E0C5BA9-E4FF-431C-B0D9-8E10C0F995AE

«Ресейге енгізілген бұған дейін болмаған санкциялар елді рецессияға ұшыратты. Біздің болжамға сәйкес, бұл рецессия айтарлықтай күрделі болады. Дефолтқа қатысты айтар болсақ, ол да болуы ғажап емес», - деді Георгиева CNBC телекомпаниясына берген сұхбатында.

ХВҚ басшысы Ресейдің «дефолтқа ұшырау тақырыбын спекуляция жасағысы келмейтінін» атап өтті.

Оның пікірінше, бұған антиресейлік санкциялар қаншалықты ұзақ болатыны, РФ-тің өз қарызын төлеу мүмкіндігі бар-жоғы ықпал етеді. «Екеуі де әзірге белгісіз», - деді ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале