12.03.2022, 15:30
Оқылды: 206

Жарыстар жарқылы

Асық ату

13-14 наурыз күндері Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында асық атудан 2002-2005 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында БҚО чемпионаты өтеді.

Әр ауданнан бір команда қатысады.  Жалпы саны 70-тен астам спортшы шеберліктерін сынамақ. Жарысқа облыстық асық ату федерациясының президенті Айнұр Мырзагереева және ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Мадияр Бөстеков төрелік етеді.

 

190820125402a3549732d

Жекпе-жек

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 11-12 наурыз күндері Ақжайық ауданының Чапаев ауылында жекпе-жек спорты бойынша облыс чемпионаты өтеді. Чемпионатқа 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туған балалар мен  жасөспірімдер қатысады.

100-ге жуық спортшы бақ сынайтын жарыстың мақсаты – патриоттық тәрбиені өрістету, сондай-ақ бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара барлық санитарлық талапқа сай өткізіледі. Қатысушылар жарыс өтетін жерге «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы кіреді.

 

Мәнерлеп сырғанау

12 наурыз күні Орал қаласындағы мұзайдынды спорт сарайында конькимен мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтеді.

Чемпионатта Қостанай, Атырау және Орал қаласынан 70-ке жуық спортшы бақ сынайды. Жарыста спорт шеберлері ұл-қыздардың өнерін бағалап, жеңімпаз-жүлдегерлерді анық­тайтын  болады.

Әлкеш Қалқаман,

zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале