13.03.2022, 15:30
Оқылды: 27

Запастан шақырылған офицерлерге қандай әлеуметтік қолдаулар ұсынылады

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің аға офицері Берік Айнабеков запастан шақырылған офицерлерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтып берді.

3DF9AD42-4016-4F19-A869-D5E37516720C

Брифинг түріндегі сұхбат негізінен министрліктің запастағы офицерлерді шақыру төңірегінде өрбіген. Министрлік өкілінің айтуынша, биыл Үкімет қаулысы арқылы Қарулы күштерге 150 офицер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 офицер шақырылады.

«Ол офицерлер 24 айға, яғни 2 жылға шақыртылады. Қарулы күштерге қазір өте сирек кездесетін мамандар: ол біріншіден медицина, артиллерист, авиация-техника және психолог мамандары жетіспейді. Сондықтан жыл сайынғы қаулыға сәйкес офицерлер шақырылып отырады.

Әскерге шақырылған офицерлерде таңдауға мүмкіндік болады деп айта алмаймын. Себебі, олардың мамандықтарына сәйкес Қарулы күштердің қай өңірлеріне бос лауазымдар болады, соған сәйкес сол жерлерге шақыртылады», - дейді Берік Айнабеков.

Запастан шақырылған офицерлерге қатардағы қызметкешілерге ұсынылатын әлеуметтік қолдаулардың бәрі берілі ме? Брифинг барысында Кадрлар департаментінің аға офицері бұл сұраққа да жауап берген.

«Қазір офицерлер шақырылған уақытта жалақысын алады. Сонымен қатар, жалдамалы пәтерге ақша төленеді. Әрбір өңірдің өзінің тарифі бар. Жалғыз өзі болса, бір адамға төленеді. Жанұясы болса, жанұясының барлық мүшесіне толығымен төленеді. Егер барған жерлерінде қызметтік пәтер болса, сонымен қамтамасыз етіледі. Болмаған жағдайда жаңағыдай ақша төленеді. Бұл жалақыдан бөлек. Сонымен қатар, олар киім-кешек, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі», - деді министрлік өкілі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале