14.03.2022, 12:20
Оқылды: 65

БҚО әкімі, «AMANAT» партиясының БҚОФ төрағасы Ғали Есқалиев азаматтарды қабылдады

Қойылған сұрақтарға сәйкес азаматтармен әңгімелесуге Орал қаласы әкімдігінің басшылығы, Жаңақала ауданы әкімі, тиісті басқармалар мен мүдделі органдардың басшылары қатысты. Өтініштер негізінен атаулы әлеуметтік төлем тағайындау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, құқық, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты болды.

WhatsApp Image 2022-03-14 at 12.02.46
Облыс әкіміне тұрғын үй мәселесімен және атаулы әлеуметтік төлем тағайындау бойынша көпбалалы ана келді. Сонымен қатар үлкен ұлын жұмысқа орналастыруға көмек сұрады.
Қабылдау барысында атаулы әлеуметтік көмек қаңтар айынан бастап тағайындалғаны белгілі болды. Бірақ дегенмен де тұрғын үй мәселесі әлі өзекті қалпында тұр. Ескі үйде жылыту проблемалары бар, балалар тоңып жүр. Аймақ басшысы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін үйді жөндеу бойынша көмек көрсетілетінін, тұрғынның 16 нөмірлі тұрғын үй алу кезегінде тұрғанын және осы жылы немесе келесі жылы жаңа пәтермен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол үлкен ұлын жұмысқа орналастыруға көмектесуді сұрады. Бұл өтініш боынша қажетті мамандарға бос жұмыс орындары бар екендігін айтып, Жаңақала ауданы, Новоказанка ауылындағы әскери бөлімге аспаз жұмысы ұсынылды.

Келесі болып «Заман Үндесімі» қоғамдық бірлесітігінің өкілі келді. Тұрғынның айтуынша, бұл бірлестік психоаналитика бағытында жұмыс жасайды. Осы бағытты одан әрі дамыту үшін өңір басшысына бірқатар ұсыныстары айтылды. Бұл мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Калибековке қоғамдық бірлестік өкілдерімен және облыстық медициналық мекемелердің бас дәрігерлерімен кездесіп, бұл бағыт бойынша лицензия алу және т.б. құжаттамалық рәсімдерді ұйымдастырып, клиника ашу бойынша жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Қызы М.Оспанов атындағы медициналық академияда ақылы жатырған ана келді. Мүмкіндігінше грантқа ауыстыруға көмек сұрады. Облыстық партия төрағасы жыл сайын тамыз айында облыс әкімі грантына конкурс өткізілетінін айтып, сол конкурсқа өтініш беруін ұсынды.

WhatsApp Image 2022-03-14 at 12.02.48 (1)

Қабылдауға 2 психикалық ауытқушылығы бар мүмкіндігі шектеулі қайын сіңлілерін қамқорлығына алған қала тұрғыны келді. Тұрғынның 20 жыл бойы қайын сіңлілеріне қарайласып жүргені белгілі болды. 1 бөлмелі пәтерде барлығымен бірге тұру қиындық туғызуда. Қазіргі тұрып жатырған үйлері апатты деп танылып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жаңа пәтерге ие болған. Қайын сіңлілеріне бөлек пәтер берілу мәселесін де қозғады, бірақ тұрғын үй кезегінде тіркелулі екен. Кезекті күтпей алу үшін Отбасы банкте шот ашуды ұсынды.
Сонымен қатар, 2 жиенінің асыраушысы, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қозғады. Қала тұрғынның мәлімдеуінше, Хан тоғайында үйі бар, бірақ жер учаскесінің иесі басқа адам. Осыған байланысты жер учаскесін рәсімдеуге рұқсат беруді сұрады.
Қазіргі таңда аталған тоғайда үйі бар деген құжаттар бар болғанымен, ол үйге кіре алмайды. Себебі апатты деп танылып, бұзылған. Ендігі кезекте, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар категориясы ретінде де тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүр. Жоғарыда аталған себеп салдарынан бүгінгі күні тұрақты тұрғын үйсіз отыр.
Қабылдауға келген барлық тұрғындардың өтініштері, ұсыныс-пікірлері назардан тыс қалмай, заңнамалық-құқықтық және консультативтік кеңестер берілді. Әр мәселе өңір басшысының жеке бақылауында.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыстық, қалалық, аудандық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 800-ден астам өтініш түскен. Партияға түскен өтініштердің көпшілігі тұрғын үй алуға байланысты. Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауына облыстың 800-ден астам тұрғыны өтініш білдірсе, өтініштердің 40% - ы оң шешімін тапты, қалғандары қарасытыруда. Халық көтерген мәселелер ауқымы сан түрлі. Оған дәлел – агроөнеркәсіптік кешенді, жер қатынастарын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, білім беруді, денсаулық сақтауды, банктердің қызметін, еңбек қатынастарын және басқа да салаларды дамытуға қатысты мәселелердің көтерілуі. Әрбір өтініш шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберіліп, бақылауға алынады.

WhatsApp Image 2022-03-14 at 12.02.48

Белгілі болғандай, партияға шағымдануға немесе көмек сұрауға бармайды, көбісі аймақты, елді мекенді дамыту бойынша нақты практикалық ұсыныстармен келеді, қоғамды толғандыратын қандай да бір проблеманы шешудің өз жолдарын ұсынады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына аясында халықпен тығыз байланысты, әкімдіктердің, жалпы кез-келген мемлекеттік мекемелердің азаматтар үшін қолжетімді болу қажеттігін атап өткіндігі баршамызға белгілі. Бұл жұмыс форматы партия тарапынан іс жүзінде өзінің тиімділігі мен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкестігін көрсетуде. Мемлекеттік қызметтер жетілдірілуде, сәйкесінше, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуде көмек көрсету сапасы артуда. "AMANAT" партиясының қоғамдық қабылдаулары халықпен тікелей және кері байланыс орнатудың тиімді алаңы ретінде нақты өз жұмысын атқаруда.

Өңір басшысының тұрақты қабылдауына жазылғысы келетін тұрғындар келесі нөмірге қоңырау шалуы керек: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале