15.03.2022, 11:15
Оқылды: 41

Ертең ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр.

220315110912a3911346d

Бұл туралы ҚазАқпарат №1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады»,-делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале