Балалар жылына орай 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған қазақ күресінен 2010-2011 жылы туған қыздар арасында қалалық турнир өтті. Жаңақалалық Әділет Қалиарыстанов баптайтын бұрымды палуандар да бақ сынап, жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Жарысқа Сырым ауданы, Бөрлі ауданы, Бәйтерек ауданы, Тасқала ауданы, Ақжайық ауданы және Орал қаласының командалары да қатысты. Жарыс қорытындысында 32 келі салмақ дәрежесінде Нұр Темірболат қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атанса, 32 келі салмақ дәрежесінде Сезім Бауыржанқызы ІІ орынды иеленді. Осы салмақта Назерке Сапарғалиева ІІІ орынға табан тіреді. Жарысқа бірнеше жылдан бері күресті меңгеріп жүрген балалармен қатар, спортқа енді ғана бет бұрып жүргендер де қатысты. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Р. Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz