Алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандық Польша-Украина шекарасында бөтеннің төлқұжатымен ұсталды. Полиция ер адамның украиндық босқынның атын жамылып Польшаға өтпек болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Польшаның тәртіп сақшылары 51 жастағы қазақстандықты Будомье бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ұстаған.
"Ұстау кезінде іздеуде жүрген азамат біздің елдің азаматы бола тұра, Қырғызстан Республикасы азаматының төлқұжатын көрсеткен. Ер адам алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген, оған ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылған. Ер адам 2006 жылдан бері соттан жасырынып келген. Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Василий Скляр.