«AMANAT» партиясының Теректі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Тілек Габдушев бүгін азаматтық қоғамдық қабылдау өткізді.
Оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Досанов, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Руслан Хайруллин, аппарат басшысы Мирлан Еркебаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев қатысты.
Бетпе-бет жүздесуде Покатилов ауылының тұрғыны А.Есенғалиева баспана кезегінің шаруасын шешуді сұрады. Сонымен қатар дәл қазір тұрып жатқан үйінің жылу жүйесімен қамтылмағанын тілге тиек етті. Өз сөзінде аудан басшысы отын жеткізуге жәрдемдесетінін жеткізді. Ал Федоров ауылының тұрғыны А. Бақыткереева, жалғызбасты бауырына жұмыс болса деген өтінішін білдірді.
Онлайн түрде бейнеқоңырау арқылы хабарласқан А.Хамза ауылішілік жолдары қардан тазаланбайтынын айта отырып, мал шаруашылығы, газдандыру жүйесі жөнінде де пікірін ортаға салды. Сондай-ақ, О.Нариманұлы кәсіп бастау мақсатында берілетін мемлекеттік грантты алу жолдары бойынша кеңес алды.
Жүздесу барысында аудан әкімі тұрғындар сұрағына нақты жауап беріп, мәселелер жауапсыз қалмайтынын айтты.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz