18.03.2022, 16:10
Оқылды: 54

Партия активі Жолдауды талқылады

Бүгін Теректі аудандық Достық үйі ғимаратына жиналған «AMANAT» партиясының Теректі аудандық филиалы активі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауын талқылады.

6

Оған аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев және бірқатар бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Жиынды «AMANAT» партиясының аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев жүргізді.

3

Актив отырысында сөз алған Әлжан Жақсыгерейұлы ел дамуына ерекше серпін беретін  бағдарламалық құжаттың маңыздылығына тоқталып, негізгі бағыттарды кеңінен түсіндірді.

Ал М. Ибраев: - Мемлекет басшысының Жолдауын ауқымды түрде ілгерілету және іске асыру үшін барлық партиялық ресурстарды жұмылдыру маңызды.Бұл жұмысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Бюро мен Саяси кеңестің, қоғамдық кеңестердің мүшелері, партияның белсенділері мен жақтастары, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар тартылуға тиіс, — деді өз сөзінде.

5

Сондай-ақ, басқа да қатысушылар ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға куә болып,  халықтың өмір сүру сапасын арттырып, əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған  Жолдау туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале