18.03.2022, 16:20
Оқылды: 84

Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

Жаңа жыл Наурыз мерекесінен бастау алады. Бәйтерек ауданы орталығындағы арнаулы қызмет көрсету орталығы Ұлыстың ұлы күнін тойлауда. Көктем шуағын ала келетін мереке қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев пен аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ақниет» әжелер ансамблі Переметный ауылындағы арнаулы қызмет көрсету орталығына барып, ол жердегі қариялар мен кейуаналарға құрмет көрсетіп, жыл басы мейрамымен құттықтады.

IMG_1107

- Әз-Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні, қазақ даласына шуағын шашып келгенде бүкіл тіршілік атаулыға жан бітіп, ерекше күйге енеді. Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Тамыры тереңге кеткен мереке қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Ұлы даланың биік рухымен, дала ұландарының тәккәппар мінезін көрсететін мереке халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі. Осы бір қуанышқа толы күнде үлкендерді қуантып, ақ батасын алу үшін мекемеге арнайы келдік. Еліміз тыныш, өздеріңіздей қариялар мен ақ жаулықты әжелеріміз аман болсын,-деді аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.

IMG_1106 (1)

IMG_1110

Одан соң «Ақниет» әжелер ансамблі қызмет алушыларға арналған концерттік бағдарламасын ұсынып, үлкендердің көңілін серпілтті.

IMG_1111

Ұлы күн алдында арнайы құттықтай келген аудан басшылығы мен өнерпаз әжелерге разы болған үлкендер оларға ақ баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале