18.03.2022, 23:54
Оқылды: 121

Балалар қуанған Наурыз

Сырым аудандық демалыс орталығының "Балалар" бөлімінің ұйымдастыруымен жас бүлдіршіндерді өнерге, ұлтжандылыққа тәрбиелеп және қазақтың салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында аудан орталығы Жымпитыдағы "Алтын ұя", "Балдырған" балабақшаларында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне​ арналған "Наурыз думан, таусылмайтын дастаным!" атты балаларға арналған ертеңгілік өтті.

IMG-20220318-WA0220

Ертеңгілікте аталмыш мекеме қызметкерлері қазақ халқының ертегі кейіпкерлері - Алдар көсе, Тазша бала, Наурыз көктем, Күн мен Түн, Қыдыр ата рөлдерін сомдап, балаларды қуантты.

Одан бөлек, "Балалар" бөлімінің қызметкерлері балаларға арнайы ойындар ұйымдастырып, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің алғысына бөленді.

 

Айжан Амангелдина, 

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале