ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі кеше, 21 мамыр күні Алматы уақыты бойынша 22 сағат 20 мин 41 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматыдан батысқа қарай 480 км қашықтықта Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында болды.
«Зілзаланың энергетикалық қуаты 10.4. Магнитудасы 4.6. MPV. Эпицентрінің бағыты 42.21° с.е. 71.21° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат