22.03.2022, 14:30
Оқылды: 45

Шыңғырлауда Наурыз тойы тойланды

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы.

F3E41219-86D2-4946-AFF9-CAD5435D802C

Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.

Көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы Шыңғырлау жерінде де өз дәрежесінде аталып өтті. Аудан орталығының қақ ортасында ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылды. Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз келді төріме» атты  театрландырылған көрініс көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл күні шағын және орта бизнес өкілдерінің сауда-саттығы қызып, ал демалыс саябағында спорттық шаралар қанат жайды. Ең епті мен күштілер жиналған жерде үлкен-кіші бақ сынасты.

53168436-B66C-4CBE-A341-91A0454E5766

Шыңғырлаулықтар мен қонақтар, бір-бірімен құшақ жайып, қауышып, игі тілектерін бір-біріне арнады. Халық алдында «Еркем-ай», «Жанерке», «Нұр-ай» би топтары мың бұралған көркем биімен көз сүйсіндірсе, Наурыз мерекесінің рәсімін көрсеткен «Елім-ай» әжелер тобына ерекше құрмет етілді.

Аудан тұрғындары алдында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова сөз сөйлеп, баршаны Наурыз меркесімен құттықтады. Денсаулық, бейбіт өмір мен ашық аспан тілеп, мереке мерекеге ұлассын деді.

E6005CE3-C4F3-4D35-A380-70B3C77A935F

Ұлыстың Ұлы күні шыңғырлаулықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің орындауларындағы, сондай-ақ «Торы ат басы әуендері», «Наурыз көктем», «Шашбаулым», «Асылым», «Мерекем» және басқа да әндер жүрекке жылы қабылданды.  «Елім-ай» әжелер фольклорлық тобының, «Марычка» украин ұлттық мәдени орталығының және көптеген өнерлілердің ән-жырлары мерекені думанға бөледі.

7B196A5B-9F6B-4D64-A9C5-2F92C8C82FF3

Айта кету жөн, Наурыз мерекесі қарсаңында мекеме-ұжымдар зейнеткер-ардагерлерді мейрамдарымен құттықтап, үйлеріне бас сұқса, ал мектеп пен бала бақшаларда ұлтымыздың салт-дәстүрін ұрпағымызға насихаттау, санаға сіңдіру мақсатында «Наурыз көже», «Наурыз нақыштары» тақырыбында игі шаралар ұйымдастырылды. Ауданның орталығында тегін көже мен сары бауырсақ үлестірген шыңғырлаулықтар да мерекеге осылай өз үлестерін қосты.

А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале