Өзбекстан 1 сәуірден бастап инвесторлар, IT компания құрылтайшылары, ақпараттық технология саласындағы мамандарға және олардың отбасына IT виза беруді жоспарлап отыр.
IT виза Жеке тұлғаларға үш жылға дейін беріледі.
Аталған визаны алған азаматтар үш жыл бойы Өзбекстанға емін-еркін кіріп-шыға алады, сонымен қатар Өзбекстан азаматтарына қарастырылған білім және медицина қызметтерін алуға құқылы.
Одан бөлек, үй сатып алған жағдайда, олар Өзбекстанда тұруға ықтиярхат алады.
Виза IT-парктің ұсынысымен беріліп отырады. Оны алу шарттары мақсатына қарай ерекшеленеді.
IT-визаға берілген өтініш үш жұмыс күні ішінде қарастырылады. Отбасы мүшелеріне қонақ визасы беріледі.
Дереккөз: ҚазАқпарат