24.03.2022, 15:44
Оқылды: 41

Ресей Қазақстан мен Моңғолия шекарасынан өтуге шектеуді алып тастады

Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстан және Моңғолия шекараларымен өтуге қойылған шектеуді алып тастайды. Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

220324150305835e

«Жаңа коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб 2022 жылғы 30 наурыз, Мәскеу уақытымен сағат 00:00-ден бастап Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық учаскесі арқылы Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Қазақстанға шығуына қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Моңғолия азаматтары Ресейге және Ресей азаматтары Моңғолияға Ресей-Моңғолия шекарасының құрлық учаскесі арқылы өте алады», - деп хабарлады штаб.

Штаб мәліметінше, Моңғолиядан Ресейге келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға да шектеулер алынып тасталды. Ресей 2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Моңғолиямен, 2020 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Қазақстанмен әуе қатынасын қалпына келтірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале