БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделудің ақысын төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалануға құқылы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салымшының зейнетақы жинақтары келесі жағдайларда ИПБ басқаруына берілуі мүмкін:
- салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспаған мөлшерде;
- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) күшіне енеді. Бұған дейін Президент Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен 2021 жылға есептелген ТЖШ қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.