Жуырда Орал қаласында Наурыз мейрамын тойлау аясында мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындардан облыстық фестиваль өтті.
Тоғызқұмалақтан Жаңақала ауданының атынан қатысқан 5-6 сынып ұлдары арасында Нұрәлі Арматұлы мен қыздар арасынан Аида Баймұхан күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар Әнуар Қайырбек пен Айзере Сүндет жақсы ойын деңгейлерін көрсете білді. Нұрәлі мен Аида тоғызқұмалақтан облыстың құрама командасының мүшесі. «ҚР спорт шеберіне үміткер» деген спорттық дәрежелері бар.
- 4 шәкіртімді осы жарысқа қатыстырдым. Екеуі күміс медаль алса, екеуі жақсы ойын деңгейін көрсетті. Әнуар мен Айзеренің алғашқы жарыстары десем де болады. Алдағы уақытта жарыстарға қатысу арқылы шыңдалады деген ойдамын. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан бардық. Әрбір жарыс жас спортшы үшін үлкен тәжірибе. Мүмкіндігінше жарыстардан қалмауға тырысамыз. Бізге үнемі қолдау білдіретін басшылыққа, ата-аналарға ризашылығымды білдіремін, - дейді тоғызқұмалақ бапкері Қайрат Шаутенов.
Ж.Жұмағұлов,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz