Таяуда рухани орталықтың мәжіліс залында Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен 15 наурыз - Алас күніне орай «Көктем шуағы» атты мерекелік шара өтті.
Сахна ұлттық нақышта безендірілді. Кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімі «Алас күні» атты көрініс көрсетіп, сахна мен аудандық орталықтандырылған кітапхананың барлық бөлімдерін аластап шықты. Одан кейін әдістеме-библиографиялық бөлімі «Береке күні» атты қойылымында көрермендерге наурыз көже мен бауырсақ таратты. Оқырмандарды кітаппен қамту бөлімі «Шаттық күні» атты көрінісінде қоңырауды соғып, көрермендерге орамал таратып, жылы лебіздерін білдірді. Аудандық балалар кітапханасы «Өркен күні» атты қойылымында енесі жас босанған келінге сыйлығын ұсынып, жылы лебізін білдірді. «Тағзым күні» атты көріністе аудандық орталықтандырылған кітапхана мамандары жеті шелпек таратып, аруақтарға тағзым жасап, Құран бағыштады. Шара соңында кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімінің кітапханашысы Сәуле Ихсанова бата берді.
Р.Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz