26.03.2022, 9:00
Оқылды: 174

«Бекіре–2022»

Бірінші сәуірден бастап облыс аумағында «Бекіре» балық қорғау шарасы басталады. Балықтардың уылдырық шашатын уақытында оларды аулауға тыйым салынады. 

IMG-20220326-WA0006

Жайық өзенінің барлық саласы мен жайылмаларында 15 мамыр – 15 маусым, қалған су айдындарында 1 мамыр – 31 мамыр аралығында  балық аулауға болмайды. Сонымен қатар 1 сәуірден 15 маусымға дейін шаян аулауға рұқсат жоқ.

«Бекіре – 2022» шарасын өткізуге екі  КС-110  өзен катері, алты аутокөлік және басқа да техника тартылады. Аталмыш науқанға Ақжайық инспекциясы бөлімінің инспекторлық құрамы дайын. Ақжайық ауданындағы Тайпақ  ауылында балық қорғау жұмысын үйлестіріп отыратын тұрақты штаб құрылады. Екі ұтқыр жылжымалы бекет ұйымдастырылады. Оның біріншісі Ақбұлақ ауылынан Тайпақ ауылына  дейін, екіншісі  Тайпақ ауылынан  Атырау облысының шекарасына дейінгі аумақты бақылайды.

Шара барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы құқық және табиғат қорғау, ҰҚК Шекара қызметтерімен бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асырмақ. БҚО ПД-ның табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп, мобильді топтар құрылады. Балық және балық өнімдері тасымалдануы ықтимал бағыттар бойынша рейдтер ұйымдастырылады.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале