26.03.2022, 14:45
Оқылды: 54

Елімнің ертеңіне сенемін!

– Ел болашағы үшін маңызды қадамдар жасалуда. Президент Жолдауында біраз мәселенің шешілу жолдары нақты айтылды. Енді биліктің өзгеше сипатта жұмыс жасайтыны сөзсіз. Суперпрезиденттік басқарудан Парламенті мықты Президенттік Республикаға қадам басамыз.

Дулат - 2

Мемлекет басшысы сайлау заңнамалары мен үгіт-насихат шараларында да айтарлықтай өзгерістердің орын алатынын атап өтті. Жаңа облыстардың құрылатыны көпшіліктің көңіліне қуаныш сыйлады. Байырғы жер-су атаулары мен ұлы тұлғалардың есімін жаңғырту ұрпақты патриотизмге тәрбиелейді. Жолдауда қаралған мәселелердің халыққа жаңа серпіліс сыйлайтынына сенемін.  Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болғай!

Дулат Жүсіпқалиев, 

Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале