28 наурыздағы мәлімет бойынша 4 157 адам коронавирус инфекциясынан (3 140 КВИ+ және 1 017 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде -443 пациент стационарда, -3 714 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: -46 адамның жағдайы ауыр, - 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 9 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.