28.03.2022, 12:59
Оқылды: 8

Былтыр сот орындаушылар 7 млн-ға жуық атқарушылық құжатты қарады – Мусин

 Әділет министрі Қанат Мусин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында «Атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың құқықтарын қорғауды жетілдіру. Проблемалар мен оларды шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

5vB6G5pUL8sO0Zyjk5HHv3RPENPyjq87WmZ3Jbqv
Сот төрелігін іске асырудың соңғы кезеңі ретінде мәжбүрлеп орындату процесі тиімді, жедел және әділ болуға тиіс. Өкінішке қарай, өндіріп алушылар өздеріне тиесілі сомаларды уақытылы және толық өндіріп алуға қол жеткізе алмайды, - деп айтты министр.

Айтуынша, 2021 жылы сот орындаушылардың іс жүргізуінде  9,3 трлн теңге сомасына 7 млн-ға жуық атқарушылық және басқа да құжат болды.

Нақты өндіріп алынған 2,3 млн атқарушы құжаты 300 млрд теңге сомасын құрады. Негізгі себептері – заңнаманың олқылықтары және борышкерлердің төлем қабілетсіздігі. Былтыр борышкердің табысының немесе мүлкінің болмауына байланысты өндіріп алушыларға 2,4 трлн теңгеге 608 мың атқарушылық құжат қайтарылды, - дейді Әділет министрі Қанат Мусин.

Оның сөзінше, жыл сайын атқарушылық іс саны 1 млн-нан астам құжатқа өседі. Тиісінше сот орындаушылардың жүктемесі де артып келеді.

 baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале