28.03.2022, 17:50
Оқылды: 59

Министр көпшілікті алаңдатқан мәселе шешілгенін айтты

Енді iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдарда "+77" және "+76" халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар "Қазақстан" деп көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220328-WA0066

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-парақшасында айтты.

"Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік - енді "+77" және "+76" халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар "Қазақстан" деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді", - деді министр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале