29.03.2022, 9:40
Оқылды: 61

Халықаралық қызметтер статистикасының маңызы

Батыс Қазақстан облысы Ресейдің  Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара,  Орынбор облыстарымен шектеседі. Олар теміржол желілерімен, автомобиль, су және әуе көлігімен байланысады. Бұл факті көршілес елдің шекаралас  аумақтарымен де, сондай-ақ  Қазақстанның ортақ шекарасы жоқ алыс шетелдермен де қарқынды сыртқы  экономикалық байланыстарын алдын ала  айқындайды.

E24CFFC4-2CCB-4D49-9045-36074824484F

Шаруашылық өмірдің интернационалдылығының жалпы аясында ақша төлемдері мен түсімдерді тудыратын экономикалық қатынастардың ауқымды бейнесі қалыптасады. Елдің халықаралық қатынастарының көптүрлілігі төлем балансы деп аталатын оның халықаралық операцияларының баланстық шотында көрініс табады.

Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау үшін Ұлттық Банкпен халықаралық қызметтер көрсетуге байланысты операциялар туралы мәліметтер жиналатын маңызды ақпараттың бірі болып табылады. «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру тәртібін нақтылайтын нұсқаулық әзірленді. Онда нақты төленген уақыт бойынша емес, оларды есептеу (нақты қызмет көрсету) мерзімі бойынша төлемдер мен түсімдер көрсетіледі. Аумақтық тіркелімге енгізілген барлық кәсіпорындар тоқсан сайын Ұлттық Банктің филиалына мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсынады.

Қазақстанның сыртқы саудасында тауарды сатушыдан (экспорттаушыдан) сатып алушыға (импорттаушыға) жеткізу маңызды орын алады. Қазіргі уақытта қызмет ретінде жүктерді тікелей тасымалдау, сондай-ақ оны дайындау мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басқа да операциялар, атап айтқанда: жүктерді буып-түю және таңбалау, оларды пакеттеу, аралық сақтау. Осылайша, көлік қызметінің негізгі түрі бұл жүктерді тасымалдау. Бірақ әдетте, ол қосымша қызметтердің тұтас кешенін ұсына отырып жүреді.

Негізгі көлік қызметтеріне мыналар жатады: жүктерді тасымалдау, пошталар; тиеу-түсіру операциялары; жүктерді сақтау; көлік құралдарын жүктерді тасымалдауға дайындау; тасымалдау құралдарын жалға алу, жалға беру шартымен беру; кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа қызмет көрсету бойынша жүктерді, багажды және т. б. тасымалдау кезінде орындалатын көлік-экспедициялық және қосымша операциялар.

«Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп» қызметтер көрсету жөніндегі операцияларды көрсетеді және мынадай қызметтер түрлерін қамтиды: құрылыс қызметтері, қаржы қызметтері; компьютерлік және ақпараттық қызметтер; роялти және лицензиялық төлемдер; операциялық лизинг-персоналсыз жабдықтар (жалға алу); резиденттердің резидент еместерге ұсынатын тауарларды қайта өңдеу жөніндегі қызметтер (және керісінше); әр түрлі іс, кәсіби және техникалық қызметтер; заң және бухгалтерлік қызметтер, жарнама және конъюнктураны зерттеу саласындағы қызметтер; ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер бұйымдар мен технологиялардың жаңа түрлерін жасау мақсатында іргелі зерттеулер, қолданбалы және тәжірибелік әзірлемелер жүргізу жөніндегі қызметтерді; сәулет, инженерлік және өзге де техникалық қызметтерді; ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбаларды өндіру және өнімді жергілікті жерлерде қайта өңдеу саласындағы қызметтерді; ауыл шаруашылығы құрылымдарын өсіру жөніндегі қызметтерді; жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді және мәдениет пен демалыс саласындағы қызметтерді, өзге де қызметтерді қамтиды.

Төлем балансы бойынша статистикалық нысандардың тізбесі шаблондар және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының байланыс деректері ҚР  Ұлттық Банкінің сайтында мына мекенжай бойынша орналастырылады: www.nationalbank.kz «Статистика» → «статистикалық және әкімшілік есептілік нысандары» → «төлем балы бойынша статистикалық және әкімшілік есептілік нысандарының тізбесі» бөлімінде. «Төлем балансы бойынша есептілік» міндеті шеңберінде «ҚРҰБ веб-порталының пилоттық жобасы» ААЖ арқылы есептер­ді электронды түрде ұсыну мүмкіндігі іске асырылды, ол осы есептілікті қағаз тасығышта ұсыну қажеттілігін жоққа шығарады.

Ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы мен уақтылы жолданылуы Қазақстан Республикасының төлем балансын, халықаралық инвестициялық позициясын және сыртқы борышын бағалауды қалыптастыруға облыстағы экономика субъектілерінің қатысын көрсетудің дұрыстығы мен жеделдігін көрсетеді.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері респонденттермен есеп беру деректерін көрсету сапасын арттыру, мәліметтерді ұсыну мерзімдері туралы алдын ала хабарлау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді және респонденттің әрбір хабарламасына қажетті консультациялық көмек көрсетуге әрқашан дайын.

Аида Нуралиева,
ҚР ҰБ БҚФ экономикалық талдау және статистика  бөлімінің бас маман-экономисі

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале