29.03.2022, 10:50
Оқылды: 39

Балғын бишілер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың тапсырмасымен  «2022  жыл – Балалар жылы» деп аталды. Наурыз айының 19-20-сы күндері Алматы қаласында дарынды балалар мен шығармашыл би ұжымдарына арналған «Steps to the stars» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Talented kids» конкурс-фестивалі және «Фитнес аэробикасы ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен республикалық «Жас таланттар» фестивалі өткізілді.

86C100C2-F854-42E7-9431-10370CC31C11

Талантты да балғын өнерпаздардың шығармашылығын қолдауға бағытталған қос байқауда облысымыздың намысын қорғаған «Ай-Наз» би ансамблі  топ жарып, Гран-приді иеленсе, «Әсем-Ай» би студиясы «Talented kids» конкурс-фестивалінде бас жүлдені және «Жас таланттар» байқауында жүлделі І орынды қанжығаларына байлады. А. Байтұрсынов атындағы №10 мектеп жанынан құрылған, онжылдық тарихы бар «Ай-Наз» би ансамблі (жетекшісі – Г. Қуанышева)

13-15 жас аралығындағы биші арулардан құралған болса, «Жекпе-жек» спорт кешені жанынан құрылған «ӘсемАй» би студиясының құрамында (жетекшісі – Т.Амреева, Г. Қуанышева) 9-12 жас аралығындағы балғын бишілер өнер көрсетеді. Байқауларда төрелік еткен қазылар алқасы оралдық өрендердің билері  жоғары кәсіби деңгейде қойылғандығын, сахналық киімдерінің ерекше талғаммен жасалғандығын атап өтті. Жас дарындарға арналған осындай байқаулар өнерлі бүлдіршіндердің шығармашылықтарына серпін беріп, өнерлерін шыңдай түседі деген  сенімдеміз.

Нұрлыгүл Сұлтанова,

Орал қаласы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале