29.03.2022, 17:00
Оқылды: 94

Абыройың арта берсін, Айзат!

Қаратөбе топырағы өнерлілерден кенде емес екендігін жас әнші Айзат Айдосұлы тағы бір дәлелдеді. Ол биылғы Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасына қатысып, көрмей тыңдау кезеңінен сәтті өтті. Аталған байқауда «Біздің ностальгия» әнін орындап, белгілі әнші Маржан Арапбаеваның тобына енді.

c4b3e2af-2b43-41c8-b6a5-847e893bee4b.jfif

Әлеуметтік желінің кішкентай жұлдызына айналған Айзат қазір танымалдылыққа ие. 11 жасар өнерлі жеткіншектің Instagram парақшасында 36 мың оқырманы бар. Оны әлуметтік желіде алғаш танымал еткен «Кішкентай қыз» әніне түсірілген кавер видеосы еді.

9da6fcb4-0896-4533-a06b-463c7da39764.jfif

«Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасына қатысып, өнері көптің таңдайын қақтырған Айзат бұған дейін де аудандық, облыстық «Балдәурен» байқауының жеңімпазы атанып үлгерді.

«Қаратөбенің баласымын» деп танылған өнерлі өрен бұрын танымал әншілердің әндерін орындап келсе, қазір қоржынында Орынбек Меңдіқұл, Дәурен Шамұратов, Райымбек Өтепов сынды ағалары жазып берген «Қаратөбенің баласымын», «Карантин бітсін», «Сұлу қызы Қаратөбенің», «А класындағы қыз» сынды бірнеше әндері бар.

746279f3-600f-4125-8d03-d57ceb49ccfb.jfif

Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас талант иесінің «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасындағы өнеріне сәттілік тілейміз. Талабы таудай Айзаттың өнері үстем, келешегі жарқын болсын демекпіз!

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале