19.03.2022, 18:32
Оқылды: 55

Наурыз нақыштары

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыз тойына орай 7-8 сынып оқушылары ата-аналарының арасында «Наурыз нақыштары» отбасылық байқауы өтті. Жанұялық Наурыз кешінің тізгінін Жоламановтар отбасы ұстады.

104ECE9D-93C4-4254-AAD2-96FA3F470F9A

Күні бойы қоңырау уақыттарында ата-аналардың бастамасымен наурыз дәмдері ұсынылған қайырымдылық жәрмеңкесіне барлық мектеп қауымдастығы ат салысты. Арқан тартыс, қол күресі, өгіз тартыс, соқыр теке, алтын сақина сияқты ұлттық ойындар да бұл күннің көрігін келтірді.

62A5CD81-1EB8-4D7B-B1B9-E918EF49AE03

Қатысушылар ұлттық дәстүр, ауыз әдебиеті, фольклор бойынша білімдерін сынға салып, берілген салт-дәстүрлерді сахналады. Сонымен қатар айтыс өнерінің үлгісін көрсетіп, мерекелік дастархан мәзірін таныстырды. Шара барысында мектептің өнерпаздары өнерін ортаға салды. Мерекелік байқауға шетілдік мұғалімдер де қызығушылық танытып, қазақ халқының мәдениетін жақынырақ тани түсті.

B326A71F-5672-4447-8763-53D42BBFB50E

Сайыс қорытындысы бойынша 25 ұпаймен алға шыққан 8-сынып командасы «Зерде», 24 ұпайды еншілеген 7-сынып командасы «Шабыт аталымдарымен марапатталды.

Айдана Хамидуллина, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале