30.03.2022, 16:00
Оқылды: 83

Елімізде мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй берілетін азаматтар қатары көбейеді

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидасына өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

aeb6de0879e14ae79ee0021db2039180

Өзгерісте негізінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамту көзделген.

Енді мұндай адамдардың Тізіміне 1 немесе 2-топтағы мүгедектік белгіленген 18 жасқа толған баласы бар отбасылар кіреді. Ал мұндай отбасы мүгедек балалары бар немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы ретінде тіркеледі.

Бұдан бөлек үй мына адамдарға беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • 1 және 2-топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен аурулардың тiзбесiне енгiзiлген кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • жасы бойынша зейнеткерлер;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы міндетті әскери қызмет мерзіміне ұзартылады;
  • қандастар;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде тұрғын үйлерінен айырылған адамдар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру, адам өмiрiн құтқару, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • толық емес отбасы.Қаулы 2022 жылдың 9 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале