30.03.2022, 15:00
Оқылды: 46

Қазақстан мен Ресей вакцинация паспорттарын қашан мойындайды?

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстан мен Ресей вакцинация паспортын өзара қашан мойындайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

photo_96726

"Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында келісім бар. Қазір бұл келісім жобасы бізге келді. Арадағы келісім құжаты дайын, тек ресми қол қою ғана қалды. Жақын арада оған қол қойылады деп үміттенемін, содан кейін паспорттар өзара мойындалады", - деді Есмағамбетова Мәжіліс отырысында журналистердің сұрағына.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале