Көмекке мұқтаж ауылдастарына қолұшын беру акциясы жалғасуда. Жуырда Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінде қызмет ететін "Руслан" шаруа қожалығының басшысы Руслан Құрманов ауылдық округте тұратын жалғызбасты зейгеткерлерге, аз қамтылған жəне қамқоршылығында балалары бар отбасыларға азық-түлік себетін үлестіріп, қамқорлық танытты.
Округ әкімі Еркін Әбілкәкімовтің өзі аяқтай барып, ауылдастарын қуантты.
Жергілікті атымтай азаматқа разы болған көмек алушылар қожалық иесіне ақ тілегін айтып, батасын берді.
Айта кетейік, бұл Руслан Құмаровтың алғашқы игі ісі емес. Бұған дейін ол үйі өртеніп далада қалған ауылдасына жаңа үй сатып алып берді.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы