2022 жылғы ақпанда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2022 жылғы 1 наурызда 7 433,9 млрд теңгеге дейін 511,7 млрд теңгеге ұлғайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 наурызда 10,9 млн шот болды.
2022 жылғы ақпанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 206,1 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы 1 наурызда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 38,6%-ы және 22,0%-ы) алады.