31.03.2022, 10:10
Оқылды: 31

Ауылдасын қуантты

Қайырымдылық – адам бойындағы асыл қасиеттің бірі. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға қаржылай қолдау білдіріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп жүрген жаны жомарт кәсіп иелері біздің Ақжайық ауданында да бар. Өз туған ауылының дамуына үлес қосып жүргендер марапатталып, лайықты бағаларын алып та жүр.

4290127C-BAFB-4C5A-B447-B4F5B5D04EDF

Осындай сауабы мол істі жуырда «Калимат» шаруа қожалығының жетекшісі Қаныбек Қабанов Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Үштөбе ауылында қолға алды. Ол «Алтын алқа» иегері, 8 баланың анасы Күнсұлу Айтжанованың үйіне көгілдір отынды өз қаражатына кірігізіп берді.

– Мен көп балалы анамын. Ауылымызға көгілдір отын келгенде, елмен бірге қуандық.Алайда  ІІІ топтағы мүгедек жолдасымның денсаулығына байланысты қаражат жинақтай алмай жүргенбіз. Балаларымның көгілдір отынмен үйімізді  жылытсақ деген арманын жақында ауылдасымыз, жомарт жан Қаныбек Қабанов орындап, төбемізді көкке жеткізді. Бұл азамат әрдайым отбасымызға қол ұшын созып тұрады. Сондай-ақ игі істің басы-қасында жүрген округіміздің әкімі Ерболат Мұхтарұлына, Жамбыл, Бітік ауылының жастарына аналық алғысымды айтамын.

Иә, қайырымдылық жасаудың шегі болмайды деген осы.

Әсет Бисенғалиев,

Ақжайық ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале