31.03.2022, 14:40
Оқылды: 45

"Жалын" командасының бағы жанды

"Қазына" коворкинг орталығында "Бiрлiк" қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен, Теректі аудандық жастар ресурстық орталығы жəне бiлiм беру бɵлiмiнiң қолдауымен "Салт-дəстүр - сан ғасырлық саф мұра" тақырыбында оқушылар арасында дебат турнирi ɵттi.

FB_IMG_1648718596551

Қазақ халқының салт-дəстүрi мен ислам дiнiнiң егiз ұғым екенiн дəрiптеу мақсатында ɵткен дебатқа Ақжайық, Абай, Аңқаты, Подстепный жəне Шаған мектептерiнен командалар қатысты.

FB_IMG_1648718599668

Қызу пiкiр сайыста "Салт-дәстүрлерді жастарға насихаттаудың тиімді жолын ұсынады"; "Ұмыт болған қазіргі таңға ең қажетті салтты көрсетеді (бесікке салу, тұсау кесу, беташар, сырға салудан басқа)" жəне "Жастардың өзге діни ағымдарға қосылуы ұлттық салт-дәстүрімізді білмеуден деп есептейді" сынды қарарлар бойынша "Жиенқұйрық", "Əмеңгерлiк", "Ерулiк", "Құрсақ той", "Ат тергеу", "Еншi беру", "Қыз айттыру", т.б. салт-дəстүрлердi жастарға насихаттаудың жолдары айтылды.

FB_IMG_1648718591480

Үш сағатқа созылған дебат турнирiнiң нəтижесiнде жүлделi I орын Подстепный жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң "Жалын" командасына бұйырды. Ақжайық мектебiнiң қос шəкiртiнен құралған "Тəуелсiз 91" тобы II орынды иеленсе, аңқатылық "Olimp" командасы III орынды қанағат тұтты. "Сɵз зергерi" (Абай атындағы мектеп) жəне "Ақиқат" (Шаған) командаларына алғыс хаттар табысталды. Əдiлқазылардың шешiмiмен Ақжайық жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң 9-сынып оқушысы Iңкəр Зейнолла дебаттың "Ең үздiк спикерi" аталымына ие болды.

FB_IMG_1648718585787

Жеңiмпаздар "Бiрлiк" қоғамдық бiрлестiгi атынан диплом жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Балнұр Қуанышқызы, 

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале