1.04.2022, 11:45
Оқылды: 36

Ресей газы үшін төлем келісілген валютамен жүргізіледі - Германия канцлері

Еуропа елдері Ресей газының ақшасын рубльмен төлеуге қарсы екендерін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

220401090752a3917820d

Германия Мәскеуден келісімдегі шарттарды сақтауды талап етті.

«Біз газ жеткізуге жасалған келісімді қарап шықтық. Онда төлем негізінен еуромен, кейде доллармен жасалатыны жазылған. Ресей президентімен әңгімелесу кезінде солай қалатынын нықтап айттым», - деді Германия канцлері Олаф Шольц.
Ал кеше Ресей президенті Владимир Путин Ресей газын экспорттау кезінде батыс санкцияларына қарсы тұру үшін төлемді рубльмен жасау туралы жарлыққа қол қойды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале