3.04.2022, 13:00
Оқылды: 51

Даңғыл жөнделеді

 

Биыл Орал қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы орташа және Шолохов көшесінің жолы күрделі жөнделмек. Бұл жөнінде қала әкімі Абат Шыныбеков мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, аталған көше жолдары 15 жыл бұрын жөнделген. Шолохов көшесі бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын, енді қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Әбілқайыр хан даңғылын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

4

Деркөл кентінің Сарыарқа шағынауданындағы 18 көшеге жалпы ұзындығы 16,3 шақырым жол салу үшін бюджеттен қаражат бөлінді. Биыл Зашаған кентінде Дәуқара батыр және Мұсағалиев көшелерін күрделі жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар қаладағы автокөлік жолын қайта құру және күрделі жөндеу мақсатында 21 жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қала көшелерін ағымдағы жөндеуге биыл 300 миллион теңгеден  астам қаражат бөлінді.

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале