3.04.2022, 17:18
Оқылды: 41

"AMANAT" партиясы елмен бірге!

Биылғы жылы көктемгі су тасқыны біраз елді мекендерге қауіп төндіруде. Соның ішінде Қаратөбе ауданындағы Шалғын елді мекенін су шайып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге тасқын су кіріп, көпшілігі жарамсыз болып қалды. 

FB_IMG_1648985593936

Табиғи апат айтып келмейді, жан-жақтан келген еріген қар суы лық толып, еш мүмкіндік бермеді. Абырой болғанда адамдар дін аман.

"АMANAT" партиясының бастауыш ұйым төрағалары мен мүшелері, партияның белсенді азаматтары оқиға орнында халықпен бірге болып көмек көрсетуде. Шалғын ауылындағы үйсіз қалған тұрғындарды мектепке көшіріп, сол жерден ыстық тамақ ұйымдастыруды қолға алуда. Киім-кешек, төсек-орын жеткізілді. Шалғын ауылының тұрғындарына көмек беру үшін есеп шот ашылды.

FB_IMG_1648985613215

Бүгін сағат 11.00 шамасында аудан орталығы Қаратөбе ауылы шетімен өтетін Қалдығайты өзені көтеріліп көпірді бұзды.Қардың қызыл суы ағуда.

Кешегі күні партияластарымызбен бірге өзен жағасындағы сайларды қапшықпен құм төгіп, көтеруге жұмылудамыз. Соның ішінде жастарға ерекше ризамыз. Ағайын осындайда Қаратөбе халқына ауыз бірлік пен ынтымақ тілеймін. Талай қиындықты ел болып еңсерген халықпыз. Қасиетті Рамазан айында бір Алладан жәрдем сұрап, елдің амандығын тілейміз.

Бір байқағаным бүгін таңнан бастап қатты жел тұрып, күн буалдыр болып далада жүрген малдар үй жаққа қайтуда. Табиғи құбылысты сездіріп тұрса керек.

FB_IMG_1648985609155

"Су мен өрт тілсіз жау" -деп бекер айтпаған, қамсыз отыруға мүлдем болмайды, қандай жағдайда да ауыл тұрғындары Төтенше жағдайлар департаменті жіберген хабарламаларды қабылдап, бір-бірімізге көмектесуге тиіспіз. Ауызбіршілік жоғалмаса, басқа түскен бұл қиындықты да еңсереміз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале