4.04.2022, 9:30
Оқылды: 25

Далалық жұмыстарға дайындық ойдағыдай

Күн жылып, жердің тоңы жібіген кезде басталатын жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары Шыңғырлау ауданында биыл да қарқын алды. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемін 36175 гектарға орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 4214 гектар дәнді дақылдар, 4973 гектар майлы дақылдар, 26788 гектар мал азығы дақылдары, 200 га картоп және көкөніс-бақша дақылдары. Мәселен, өткен жылы егістік көлемі 33822 гектарды құраған. Биыл бұл көрсеткіш 2353 гектарға артады деп жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында күздік дәнді және майлы дақылдар, көкөніс-бақша, картоп және мал азықтық дақылдардың да көлемін арттыру көзделуде.

егін науқаны

2022 жылдың көктемгі егісіне қажетті дәнді дақылдар тұқымы: жаздық бидай дақылының қажетті 165 тоннасының 71 тоннасы дайындалды (тұқым зерттеу сәуір айында жүргізіледі), арпа дақылының қажетті 72 тоннасының 3 тоннасы (ІI репродукция,  Донецкий 8 сорты) дайындалды. Майлы дақылдардан мақсары тұқымы қажетті 105 тоннасының 150 тоннасы (ІI репродукция, Астраханская 747, Милютинский 114, Ершовский 4, Ахрам сортары) дайын тұр. Көпжылдық шөптің тұқымы қажетті 20 тоннасының 10 тоннасы (ІI репродукция, Краснокутский 305 сорты) да әзір. Жетіспейтін жаздық бидай, арпа, тары, күнбағыс, мал азықтық тұқымдары Ресей мен еліміздің басқа да облыстарынан көктемгі егіс жұмыстары басталғанша шаруа құрылымдарымен сатылып алынады.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рүстем Еслямов көктемгі егіс-дала науқанына ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау жұмыстары барлық шаруа құрылымдарда жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізілуде екенін жеткізді. Оның айтуынша: Үкімет тарапынан ауданға биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге – 450 тонна дизель отыны бөлінді (сәуір айына – 100 тонна, мамыр айына – 150 тонна, және маусым айына – 200 тонна). Бөлінген дизель отынының көлемі көктемгі-далалық жұмыстарын жүргізуді толықтай қамтамасыз етеді. Бүгінге күнге облыс бойынша операторлар белгіленді, Шыңғырлау ауданына арзандатылған дизель отынының бағасы көктемгі далалық жұмыстарына – 1 литр/188,5 теңгені құрап отыр.

Биылғы жылы да науқандық жұмыстар ойдағыдай өтуі үшін аудандағы барлық шаруалар бүгіннен бастап қам-қарекет жасауда. Демек, астық болады деуге негіз бар.

                                                                  Айсұлу Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале