4.04.2022, 17:30
Оқылды: 72

40 жылдан кейін пайдаға асқан жал

Шилі өзенінің арнасынан тасуы салдарынан Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі, Шалғын ауылындағы бірнеше тұрғын үй, мектеп суға кетті. Қаратөбемен қатар Бөрлі және Жәнібек аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Мәселен, Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай ауылындағы 170 үйді су алған. Сәуір айының басында ауа температурасының күрт жылынуына байланысты су тасқынының қаупі Сырым ауданында да болды. 

IMG-20220403-WA0018

Шилі – Сырым ауданының Бұлдырты, Тамды өзендерімен арналас жатқан су. Сондықтан оның шамасынан шығуы басқа басқа, Бұлдырты өзеніне әсерін бермей қоймайды. Міне, Сырым ауданының әкімі сәуірдің 2-сі күні таңда Бұлдырты ауылдық округінде орын алған жағдай туралы айтты:

IMG-20220403-WA0017

Сондықтан Сырым ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия ахуалды болжап, Самара-Шымкент тас жолының бойындағы көпір арқылы Шилі өзеніндегі су деңгейін 2 сағат сайын бақылап отырды.

- Сәуірдің 1-нен 2-сіне қараған түні Бұлдыртыға мол су келе бастады. Таңғы сағат 05:00 шамасында Бұлдырты ауылының іргесіне су келді. 06:00-де комиссияның толық құрамы жағалауда болды. Тасқынға тосқын болуда жергілікті жұрт абдырамай, жұмылып, төтеншеліктермен бірге қимылдады. Мамандар қайықпен өзенге түсіп, іркілген тұстарды ашып, судың ағуына жағдай жасады. Шаруалар арнадан асқан суды 9 дана МТЗ – 80 тракторымен «күтіп алды».

IMG-20220403-WA0015

- Бұлдыртыда мұндай көлемдегі тасқын 1982 жылы болған. 1983 жылы сол кездегі кеңшар директоры Сади Қабышев жағдайды зерделеп, өзен бойынан су ағатын жалдар салғызған. Сол суағарлар 40 жылдан кейін пайдаға асты. 100-ге тарта халық құм толы қаптармен іргелерді бөгеп, техниканың күшімен әрі қолдай жыралар жасап, жайылған өзен суын Қабышев дайындаған жалдарға «салып жіберді». Су ауылдың шеткі үйінің ауласына жетіп қалып еді, – дейді оқиғаның ортасында болған Төлеген Төреғалиев.

Бұлдырты ауылдық округінің әкімдігі апаттың алдын алуда жанын салған ауылдастарына, соның ішінде техникалық жәрдем берген Сапаржан Бекжанов («Өрлеу» ш/қ), Жұмабек Айтмақов  («Игілік» ш/қ), Мереке Қуанышқалиев («Бәйтерек»  ш/қ ), Серікбол Мұқашев («Думан» ш/қ), Қайрат Браун («Райымбек» ш/қ), Сәбит Байырғалиев («Егіндой» ш/қ),  Лұқпан Қабылов («Сегіз - Ата» ш/қ), Қанат Бахтияров, Қибатолла Ағыстанов секілді азаматтарға риясыз алғыс айтып отыр.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале