Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудандық халықтық театрының труппасы драматург Сая Қасымбектің «Жатақхана» комедиясын сахналады.
Арман қуып, үлкен қалаға келіп, студент атанған жастардың өмірін суреттеген комедия жәнібектік сахна шеберлерінің ойынында сәтті шықты. Актерлердің өрісті өнеріне разы болған көрермен спектакль барысында қайта-қайта қол соғып, ризашылықтарын білдіріп отырды. Тоқсан жылдық тарихы бар аудандық халық театры өнерсүйер қауымды жаңа қойылымдармен үнемі қуантуда.