6.04.2022, 15:45
Оқылды: 125

Жәрмеңкеден жұмыс тапты

Жаңақала аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті. Мұнда 70-ке жуық жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар келіп, қажетті құжаттарын тапсырды. Аудан бойынша он бір мекеме 18 жұмыс орнын және 3 қоғамдық жұмыс (пробация есебінде тұрған жұмыссыздарға арналған) ұсынылды.

35

Атап айтсақ, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ, «Jastar» спорт клубы, «Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені, Жаңақала балалар бөбекжайы, Жаңақала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, аудандық аурухана, №3 ЖОББМ, Жаңақала ауылдық округі, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-тен жұмыс беруші қатысты.

36

Нәтижесінде, жұмыс іздеп келген он адам күзетші, мейіргер, химизатор, аула сыпырушы, тәрбиешінің көмекшісі, теолог мамандығы, оның ішінде «САНӘДІЛДЕУ» жеке кәсіпкерге пробация есебінде тұрған 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал Жаңақазан, Жаңақала, Қызылоба ауылдық округтеріндегі ақылы қоғамдық жұмысқа екі алимент төлеуші жəне үш пробация есебінде тұрған жұмыссыз жолданды.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале