БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен аумақтық басқармалармен бірлесе, су тасқыны кезеңінде облыстағы су сапасына бақылау жүргізілді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында ауыз су сапасына келесі зерттеулер жүргізілді:
- Орталықтандырылған суға бактериологиялық талдау, барлығы 190 сынама алынды, оның біреуінде (Теректі ауданында) сәйкессіздік анықталды. Анықталған жағдайға байланысты эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, қайтара екі есе сынама алынды, зерттеулер теріс нәтиже көрсетті.
- Орталықтандырылмаған суға бактериологиялық талдауға барлығы 14 сынама алынды, сәйкессіздік анықталмады.
- Орталықтандырылған суға химиялық талдау 191 сынамаға жүргізілді, оның 28-інде оң нәтиже көрсетті. Сәйкессіздік Ақжайық, Бәйтерек, Сырым, Тасқала, Теректі аудандарында анықталды.
- Орталықтандырылмаған судың химиялық талдауына барлығы 15 сынама алынды, оның ішінде 4-еуінде оң нәтиже анықталды. Сәйкессіздік Сырым, Теректі аудандарында анықталды.
Санитариялық-химиялық зерттеуде судың талапқа сай келмеу себептері - негізінен табиғи құбылыс салдары.
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы 3 ауданда: Қаратөбе, Жәнібек, Бөрлі аудандарында байқалады. Су басқан барлық аумақтардағы су құбыры суына бактериологиялық және санитарлық-химиялық талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері қалыпты норманы көрсетті. Уақытша эвакуациялау орындарында аумақтық басқарма мамандарымен тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде.
Сондай-ақ басқарма мамандарымен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға су тасқыны кезеңінде аурулардан сақтану, аурулардың алдын алу шаралары туралы жаднамалар таратылуда.
Су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін. Су жолымен: гепатиттер, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, туляремия (ауыз судың кеміргіштердің бөлінділерімен ластануы), сальмонеллез беріледі.
Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, соның ішінде энтеровирустар, гепатит-А және басқалары жиі кездеседі.
Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су тасқыны кезінде түрлі аурулардың алдын алу үшін тұрғындардың келесі қарапайым және тиімді ережелерді сақтауы қажеттігін ескертеді:
Жедел инфекциялық ауру белгілері: дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің өтуі және т.б. пайда болған жағдайда дереу жергілікті медициналық ұйымнан медициналық көмек сұраңыз.
Гигиеналық ережелерді сақтау Сізді көптеген аурулардан қорғайды!
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Суреттің дереккөзі: otyrar.kz