6.04.2022, 16:30
Оқылды: 26

Қоғамдық кеңестің назарында

Ақжайық ауданында жуырда ғана жаңа құрамы тағайындалған қоғамдық кеңес өз жұмысын бастады. Оның төрағасы Руслан Есеналиев өткен аптада аудандық емхана, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратында болып, мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін тексеріп, өзге де маңызды тұстарға көңіл аударды.

IMG_3319

Атап айтар болсақ, қызметтерді алу кезінде қағазбастылықтың болмауы, көрсетілу мерзімдерінің сақталуы, тегін болуы, құжаттарды қабылдаудан негізсіз бас тарту секілді деректер, қызметтер туралы ақпарат тақталарының және шағым беруші үшін сенім телефондарының орналасуы бойынша мониторинг жасалды. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарының жасақталуы, қажет жабдықтардың жетіспеушілігі де назардан тыс қалмады.

Нәтижесінде аудандық емханада интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттардың толық орналастырылмауы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мекеме тарапынан қызмет көрсету кезінде артық құжаттар сұрататындығы анықталып, ескертпе жасалды. Сонымен қатар Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат тақтасы және шағым тастау үшін сенім телефондары көрсетілген ақпарат жоқ әрі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы белгілер де қарастырылмаған.

Анықталған кемшіліктер бойынша аталған мекемелерге ұсыныстар берілді.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале