7.04.2022, 11:45
Оқылды: 67

Өнім қауіпсіздігінің мониторингі

Өнім қауіпсіздігінің мониторингі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтауға, әкелудің, өндірудің, қолданудың және өткізудің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.

4

Фото дереккөзі: uralskweek.kz

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 44-бабына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімді іріктеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізеді және өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады.

Сынамалардың үлгілері "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өткізу сатысында өнімдердің (тауарлардың) сынамаларын алуды жүзеге асыру алгоритміне" сәйкес, сауда объектілерінде іріктеледі. Өнімнің (тауарлардың) іріктеп алынған сынамалары санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сынақ орталығына жіберіледі.

Өнімді сатып алуға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама барысында сынамалар микробиологиялық, физикалық-химиялық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық және т. б. көрсеткіштерге зерттеледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша талаптарға сәйкес келмейтін өнім анықталған кезде (адамның өмірі, денсаулығы және ол мекендейтін орта үшін қауіпті өнім анықталғанда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайларды қоспағанда), оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылмай, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады

2021 жылы Батыс Қазақстан облысында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін 1666 өнім үлгісі сатып алынса, оның 1217-сі - тамақ өнімдері.

Өндірушілердің негізгі бөлігін:

- ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер - 64% (782),

- отандық өндірушілер - 28% (338)

- алыс және жақын шет елдер - 8% (97) құрады.

Сараптама қорытындысымен, тамақ өнімдері бойынша барлығы 102 бұзушылық анықталды. Техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтың негізін өндірушілердің таңбалау қағидаларын бұзуы құрап отыр (89 бұзушылық). Бұл барлық анықталған бұзушылықтардың 87,2%-ын құрады.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 9 бұзушылық анықталды. Оның ішінде сүт өнімдерінде - 3 сынама (бір сынамада зең табылған, 2-еуінде сүт-қышқыл микроорганизмдер нормасына сәйкес келмейді). Қалған 6 сынама ет өнімдерінен анықталды, оның ішінде шұжық өнімдерінің 3 сынамасы мәлімделген қасиеттерге сәйкес келмейді, бұл тұтынушыларды алдау (бұрмалау) немесе жаңылыстыру болып табылады.

Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша алкоголь сусындарының 4 сынамасында сәйкессіздіктер анықталды.

Өткізушілер, жеткізушілер, импорттаушылар және өндірушілерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілді. Басқармалар кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып берді. Сүт және ет сынамасындағы микробиологиялық көрсеткішке сәйкессіздіктер бойынша жалпы сомасы 87 510 теңгеге 2 айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында 543 өнім үлгісі сатып алынды және зерттелді, оның ішінде 372-сі (68,5%) - тамақ өнімдері. Сараптама нәтижесі бойынша, тамақ өнімдерінде 29 бұзушылық анықталды, оның ішінде өнімді таңбалау бойынша - 25 бұзушылық. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 4 бұзушылық: сүт-қышқылды микроорганизмдер бойынша 3 сәйкессіздік анықталса, 1 үлгіден ІТТБ (колиформдар), ашытқының көп мөлшері анықталды.

Тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында ай сайын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында өнім қауіпсіздігін мониторингтеу барысында анықталған сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі орналастырылады. Тұтынушылар өнімдер туралы ақпаратқа ие бола отырып, денсаулығына қауіп төндіретін барлық қауіптерді болдырмай, дұрыс таңдау жасай алады.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале